Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Өтініш

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Қолмен сиямен (көк сыямен) жазылған, екі парақтан тұратын ресми өтініш-хат және оған берілген жауап қарары. Құжат Талдықорған облысы, Шұбар ауылдық кеңесінің төрағасы Р. Жексембиевтің атына, сондай-ақ КазССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновке жолданған.
Сайлаушының 1957 жылы өткен сайлау науқаны барысында жер телімін / баспана мәселесін шешуді сұрап жазған өтініші берілген. Төменгі парақта құжатқа қатысты жауапты тұлғаның бұрыштамасы, ресми қолтаңбасы және қойылған мерзімі көрсетілген. Сол жақ төменгі бұрышында музейлік есепке алу шифры желімденген.

Мерзімделу кезеңі: 03. 09. 1957 г.
Материал: Қағаз
Техника: Қолжазба
Өлшемі: 20 х 14 см.
Санат: Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)
Scroll to Top