Мандат №270
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Баспаханалық тәсілмен әрі қолмен толтырылған ресми құжат - Қазақстан Коммунистік Партиясы Талдықорған облыстық VI конференциясының № 270 мандаты. Құжат екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновке Талдықорған партия ұйымынан шешуші дауыс құқығымен делегат ретінде берілген. Қызыл түсті мандаттың жоғарғы жағында «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!» ұраны мен В. И. Ленин мен И. В. Сталиннің бедерленген бейнелері орналасқан. Төменгі бөлігінде Мандат комиссиясы төрағасының қолы, мөр және құжаттың берілген күні көрсетілген.
Мерзімделу кезеңі:
08 января 1954 г.
Материал:
Картон қағаз
Техника:
Басу, Қолжазба
Өлшемі:
6 х 9 см.
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)