Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Диплом.

Описание

Диплом. Уәлихан Шот-Аман Ыдырысұлына берілген.
“KAZGOR” Жобалау академиясының Құрметті академигі атағы беріліп, профессор А.Ш.Татығұловтың қолымен бекітілген және мөр басылған.Диплом сары түсті қағазға жазылған. Ортасында ірі қара әріптермен «Диплом» деген жазу бар. Сол жақ бөлігінде қара сиямен «Уәлихан Шот-Аман Ыдырысұлына», ал төменгі жағында қара және қызыл түспен «“KAZGOR” Жобалау академиясының Құрметті академигі атағы берілді, айырым белгісі ретінде ескерткіш шапан мен бас киім тапсырылды» деген жазу жазылған.
Жазудың астында:
“KAZGOR” Жобалау академиясының сәулеттік-техникалық кеңесінің шешімі. 2000 жыл, 25 тамыз. №5 хаттама деп көрсетілген.
Төменгі оң жағында: Президент, профессор А.Ш. Татығұлов. Алматы деген жазу бар. Дипломның жиегі көгілдір өрнектермен көмкерілген.

Состояние сохранности

Без видимых повреждении

Scroll to Top