Кітап
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Кітап. «Өзбекәлі Жәнібеков тағылымы». Мұқабасы қоңыр түсті, орталық бөлігінде ұлттық музыкалық аспаптар бейнеленген. Жоғарғы жағында автордың есімі-Жәнібекова Зағира Сұлтанқызы, ал ортасында кітаптың атауы-«Өзбекәлі Жәнібек тағылымы» көркем жазумен жазылған. Төменгі бөлігінде-Астана, 2017 деп көрсетілген. Мұқаба ұлттық стильде безендіріліп, жылы және тартымды түстермен орындалған.Кітап арнаулы музыкалық жоғарғы оқу орындарының студент-жастарына, өнер-мәдениет қайраткерлеріне, тарихшы-этнографтар мен зерттеушілерге, музейтанушылар мен музей-кітапхана қызметкерлеріне, аспаптанушы-шеберлерге және барша оқырман қауымға арналған. Мұқабаның ішкі бетінде автордың қолтаңбасы қойылған. Алматы, «Өнер»,162 бет.
Мерзімделу кезеңі:
2011 г.
Материал:
Қағаз
Техника:
Типографиялық баспа
Өлшемі:
20х30
Санат:
Кітап