Құрмет грамотасы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Жақтауға салынған, қазақ және орыс тілдерінде басылған ресми марапаттау құжаты. Құжаттың жоғарғы бөлігі қою қызыл, В.И. Лениннің барельефтік бейнесі және кеңестік ордендер орналасқан салтанатты көркем композициямен безендірілген. Мәтін екі бағанға бөлініп, сол жағы қазақ тілінде, оң жағы орыс тілінде басылған.
Марапаттау құжаты Талдықорған облысы, Қаратал ауданының «Партияның XXII съезі» атындағы колхоздың халықтық бақылау тобына берілген. Онда Партия мен Үкіметтің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен мемлекетке сатуды арттыру жөніндегі шешімдерін орындаудағы белсенді жұмысы үшін марапатталғаны туралы мәлімет берілген. Құжаттың төменгі бөлігінде комитет төрағасының қолы, ресми мөрлері және рәсімделген күні көрсетілген.