Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Айыл

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Айыл - ер-тоқымды ат үстінде берік ұстап тұруға арналған ат әбзелі. Аттың бауырын орай тартылатын жалпақ қайыс баудан жасалған. Қоңыр түсті қайыс екі қабатталып дайындалған. Бір ұшына металл тоға бекітілген. Бұйымның металл қапсырма бөліктері сәндік ою-өрнектермен безендірілген. Қапсырманың бір бөлігінде өсімдік тектес өрнек, екінші бөлігінде алты қос мүйіз өрнегі бейнеленген. Айылдың сәндік металл қаптамасына қошқар мүйіз оюы түсірілген. Бұйым дәстүрлі қазақ ат әбзелдеріне тән құрылымдық және сәндік ерекшеліктерді көрсетеді.

Мерзімделу кезеңі: XV-XVII ғғ.
Материал: Былғары
Техника: Өрнектеу
Өлшемі: 1 ұзындығы-85 см, ені- 8 см 2. ұзындығы -68 см, ені-8. см 3. ұзындығы -66 см.
Санат: Әбзел, былғарыдан жасалған бұйымдар
Scroll to Top