Медаль
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
1941-1945 жж Ұлы Отан Соғысы Жеңісіне жиырма жыл» Диаметрі 32 мм дөңгелек пішінді жезден жасалған. Медальдің беткі жағында айқастырылған емен және лавр жапырақтарының үстіндегі азат етуші кеңес сарбазына арналған ескерткіш бейнеленген (берлиндің Трептов-паркінде орналасқан, мүсінші Вучетич Е.В.) және «1945-1965» жазуы бар. Медальдің сыртқы бетінде шеңбер бойымен «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг», медальдің ортасында “ХХ” рим цифрі және сәулелердің аясындағы жұлдыз бейнеленген. Барлық жазулар мен суреттер бедерлі. Медаль шеттері ернеумен жиектелген. Медаль құлақша мен шығыршық арқылы жібек муар лентамен тартылған.
Мерзімделу кезеңі:
1965 ж.
Материал:
Металл
Техника:
Қалыптау
Өлшемі:
d-32 мм.
Санат:
Металл