Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Мүшелік билет

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

 Жазушы Жұмабек Қуанышбаевқа тиесілі 2012 жылғы 16 мамырда берілген №01112 Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелік билеті.Куәлікте көрсетілгендей, ол ұйым мүшелігіне 2012 жылы қабылданған. Ресми құжатқа Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалин қол қойып, мекеменің дөңгелек мөрімен растаған.
Сыртқы сипаттамасы бойынша құжат көк түсті қатты тысқапқа орналастырылған екі бетті куәлік болып табылады. Сол жақ бетінде мекеменің үш тілдегі (қазақ, орыс, ағылшын) ресми атауы, құжат нөмірі, иесінің аты-жөні, берілген мерзімі және төрағаның қолтаңбасы орын алған. Оң жақ бетінде иесінің 3х4 өлшеміндегі түсті фотосуреті, мүшелікке кірген уақыты, әдеби бүркеншік аты, өз қолы және ұйым мөрі басылған. Экспонаттың сақталу күйі жақсы, барлық жазулары мен мөр таңбалары анық оқылады. 

Мерзімделу кезеңі: 2012 ж.
Материал: Қағаз
Техника: Басу, Қолжазба
Өлшемі: 7х20,5 см
Санат: Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)
Scroll to Top