Диплом
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Экспонат - Жұмабек Қуанышбаевқа берілген № 370318 (сериясы Ф) ресми диплом. Құжат екі тілде (сол жағы қазақша, оң жағы орысша) толтырылған қатты тысты екі бетті ашылмалы құжат түрінде сақталған.
Түпнұсқа мәтін бойынша: Жұмабек Қуанышбаев 1962 жылы Қазақтың мемлекеттік физкультура институтына түсіп, 1967 жылы аталған оқу орнының толық курсын «Дене шынықтыру және спорт» (физкультура және спорт) мамандығы бойынша бітіріп шыққан.
Мемлекеттік емтихан комиссиясының 1967 жылғы 30 маусымдағы шешімімен оған «Дене шынықтыру және спорт оқытушысы» біліктілігі (квалификациясы) берілген. Құжатқа Мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы, ректор және хатшы қол қойып, институттың елтаңбалы дөңгелек мөрімен куәландырылған. Берілген орны: Алматы қаласы, 1967 жылғы 30 маусым (тіркеу №18). Құжат Московская типография Гознака баспаханасында (1964 ж.) басып шығарылған.