Тана түйме
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Тана түйме. Киімнің жағасы мен өңіріне сән үшін тағылатын әшекей бұйым. Айнала шеті гүл тәрізді ойықталып өрнектелген. Ортасына диаметрі 6 мм болатын тесік түсірілген. Беткі жағына үш қатар сызық бойлай бес жерден салынған, олардың арасына дөңгелек ойықтар түсірілген. Бір шеткі жиегі кетіліп сынған. Жалпы диаметрі-3,5 см, қалыңдығы-2 мм. Таналар халық арасында тек сәндік қызмет атқарып қана қоймай, жамандықтан, көз тиюден сақтайтын тұмар іспетті зат ретінде де қолданылған.
Мерзімделу кезеңі:
ХІХ в.
Материал:
Тас
Техника:
Соғу
Өлшемі:
d-3,5см
Санат:
Аксессуарлар