«КСРО Қарулы Күштеріне 60 жыл» медалі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
М. А. Кириловтың «КСРО Қарулы Күштеріне 60 жыл» медалі
Медаль дөңгелек пішінді, шеттері жиекпен көмкерілген. Медальдегі барлық жазулар мен бейнелер бедерлі. Медаль көзше мен сақина арқылы сұр түсті жібек муар лентамен қапталған бесбұрышты колодкаға жалғанады. Лентаның шеттері қызыл жолақпен көмкерілген, ал ортасында алтын түсті бойлық жолақ орналасқан.
Аверсі: жоғарыға бағытталған зымырандар мен ұшып бара жатқан әскери ұшақтар аясында автомат ұстаған Кеңес Армиясының жауынгері бейнеленген. Жауынгердің оң жағында теңіз көкжиегінде суасты қайығы бейнеленген, оның үстінде екі жолға «1918» және «1978» даталары орналастырылған.
Реверсі: шеңбер бойымен «КСРО Қарулы Күштеріне 60 жыл» деген жазу жұлдызшалармен бөлініп берілген. Ортасында айқастырылған винтовка мен қылыштың үстіне балға мен соқа бейнеленген бесжұлдыз салынған.
Колодканың артқы жағында бекіту - түйреуіш түрінде.