Жинақ дәптер
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Жазушы Шәкен Күмісбаевтың 1964-1967 жылдар аралығында жазған шығармалар жинағы сақталған қолжазба дәптері (жинақ дәптері). Дәптерде автордың әңгімелері, повестері, очерктері, мақалалары, аудармалары мен сықақтары жинақталған.
Дәптер тікбұрышты пішінді, тоқыма (мата) түпті, қатты муарлы өрнекті мұқабамен тысталған. Мұқабаның сыртқы беті сарғыш-қоңыр геометриялық (торлы) өрнектермен әрленген. Алдыңғы мұқабаның ортасына ақ қағаз жапсырылып, оған көк сиямен қолдан: «Әңгімелер, повестер, Очерктер, мақалалар, аудармалар, сықақтар жинағы (1964-1967) жылдар Кумисбаев Ш» деген жазу жазылған.
Мерзімделу кезеңі:
1964-1967 жж.
Материал:
Қағаз
Техника:
Қолжазба
Өлшемі:
20х29 см.
Санат:
Қолжазба