Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Әскери белдік

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы» А. Жұмаділовке тиесілі әскери белдік. Белдік сары түсті, берік тоқылған кенеп (брезент) материалдан жасалған. Таспа бойында бойлық тігістер мен бедерлі өрімдер жүргізілген.
Белдіктің айылбасы (бляхасы) металдан соғылған, сопақша пішінді. Айылбас бетінде әскери атрибутика бейнеленген: ортасында бесбұрышты жұлдыз, оны қоршай лавр жапырақтарынан өрілген венок салынған. Белдік ұзындығын реттеуге арналған ішкі және сыртқы металл ілмектері мен көзшелері (люверстері) толық сақталған.
Жәдігер әскери қызметшілердің далалық киім үлгісінің (экипировкасының) ажырамас құрамдас бөлігі ретінде пайдаланылған.

Мерзімделу кезеңі: 1994 ж.
Материал: Мата, Металл
Техника: Тігу
Өлшемі: 82 х 4,5см
Scroll to Top