Әскери фляшка
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Халық қаһарманы А.Жұмаділовтің жеке әскери фляшкасы (қабымен). Далалық жағдайларда және әскери жорықтарда ауыз суын сақтауға әрі тасымалдауға арналған жеке жабдық. Экспонат екі негізгі элементтен тұрады: металл су ыдысы және оның брезент қапшығы. Сопақша/жалпақ пішінді, жеңіл алюминий қорытпасынан жасалған. Қабырғалары анатомиялық жағынан белге асуға ыңғайлы етіп иілген.Арнайы әскери қорғаныс (хаки/хаки-жасыл) түсті эмальмен боялған. Мойын бөлігінде бұралып жабылатын металл қақпағы бар. Сыртқы бетінде пайдалану кезінде пайда болған аздаған сырылулар мен іздер байқалады.Фляшка қабы тығыз брезент (брезент матасынан) жасалған, жасыл-қорғаныс түсті.Бөлікті жоғарғы жағынан бекітетін бау-жібі және түймелік таспасы бар. Арнайы әскери белбеуге (портупеяға) өткізіп, белге тағып жүруге арналған артқы ілмек-баулары қарастырылған.
Музей қорына Азамат Жұмаділов өткізді.