Ерлер туфлиі (классикалық)
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Белгілі ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы Жүрімбек Сыдықовтың жеке пайдаланған ерлерге арналған классикалық үлгідегі туфлиі. Туфли қоңыр түсті табиғи былғарыдан тігілген. Аяқкиімнің пішіні қарапайым әрі жинақы, күнделікті және ресми жағдайда киюге ыңғайлы етіп жасалған.
Туфлидің алдыңғы бөлігінде бау тағуға арналған үш жұп, яғни алты саңылау орналасқан. Баулары арқылы аяққа нық бекітіледі. Өкшесі аласа, табаны жалпақтау болып келеді. Ішкі табанында өндіруші марканы білдіретін «LC WAIKIKI» деген жазу бар.Туфли А. Егизованың ұрпағы тарапынан музей қорына тапсырылды.
Мерзімделу кезеңі:
1990 ж.
Материал:
Былғары
Техника:
Жапсыру, Тігу
Өлшемі:
41 р.
Санат:
Киім және кесте