Портфель
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Белгілі гидролог ғалым Жүрімбек Сыдықовтың портфелі. Тікбұрышты пішінде, классикалық «дипломат» үлгісінде жасалған іскерлік портфель. Туланың «ДОКОФА-СТИЛЬ» фабрикасында жасалған. Қара түсті табиғи былғарыдан дайындалған. Жоғарғы бөлігінде қолмен ұстауға арналған тұтқасы, бүйірінде иыққа асып жүруге арналатын реттелетін шешілмелі бауы бар. Алдыңғы жағында сары түсті металл құлып-бекітпесі орналасқан. Ішкі бөлігі матамен қапталған.
Портфель ғалымның ғылыми және қоғамдық қызметі барысында пайдаланған мемориалдық заты ретінде тарихи-танымдық маңызға ие. Музей қорына ұрпағы А.Егізова өткізді.
Мерзімделу кезеңі:
1980 ж
Материал:
Былғары, Металл
Техника:
Жапсыру, Тігу
Өлшемі:
Өлшемі: 33х40,5см