Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Қолжазба дәптер

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Қолжазба дәптер қазақтың көрнекті ақыны Қанипа Бұғыбаеваға тиесілі. Дәптердің беттерінде ақынның өз қолымен көк сиямен жазылған өлеңдері мен шығармашылық жазбалары сақталған. Мұқабасының ішкі бетінде «Өлеңдер», «Көңілдегі сөздер» деген жазулар, сондай-ақ «К. Бұғыбаева», «15 июль 1980 ж.» деген белгі қойылған.
Дәптер ақынның шығармашылық ізденісін, өлеңдерінің қолжазба нұсқаларын және сол кезеңдегі әдеби еңбегінің қалыптасу барысын танытатын құнды дереккөз болып табылады. Қолжазбадағы авторлық жазбалар ақынның шығармашылық мұрасын зерттеуде маңызды тарихи-әдеби жәдігер ретінде бағаланады.
Қолжазба дәптерді ақынның ұлы Талап Қараш музей қорына сыйға берді.

Мерзімделу кезеңі: 1980 г
Материал: Қағаз
Техника: Қолжазба
Өлшемі: Биіктігі- 20,5 см. Ені -17 см. Бет -15.
Санат: Қолжазба
Scroll to Top