Қапсырма
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қапсырма - қазақ халқының дәстүрлі әйелдер киіміне тағылатын сәндік әрі бекіткіш қызмет атқаратын ұлттық әшекей бұйым. Қапсырма киімнің өңірін немесе екі алдыңғы бөлігін біріктіріп бекітуге және сәндік мақсатта қолданылған. Экспонат екі негізгі сәндік бөліктен және оларды жалғастырып тұрған орталық элементтен тұрады. Бөлшектерінің пішіні сопақша және үшкірленген геометриялық сипатта болып, беткі жағы ұсақ бедерлі өрнектермен әшекейленген. Шеттері ирек және жапырақ тәрізді сәндік элементтермен көмкерілген. Бұйымның екі шетінде бекітуге арналған ілмек тәрізді бөлшектер орналасқан.
Мерзімделу кезеңі:
ХХ ғ
Материал:
Металл
Техника:
Дәнекерлеу, Өңдеу, Өрнектеу, Соғу
Өлшемі:
13 см.