Жабайы үйрек тұлыбы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Үйректің тұлыбы - жабайы су құсының сыртқы морфологиялық белгілерін табиғи қалпында сақтап, көрнекілік мақсатында дайындалған таксидермиялық бұйым. Тұлып құстың ұшуға дайындалған табиғи қимылын бейнелейді. Дене тұрқы орташа, денесі жинақы, басы сәл төмен бағытталған, мойны қысқа. Қанаттары екі жаққа кең жайылып, ұшу кезіндегі қалпы көрсетілген. Қанаттарының ішкі бөлігіндегі қауырсындары сұрғылт-ақ түсті, жиектерінде қоңыр реңктер байқалады. Аяқтары қара-қоңыр түсті.
Тұлып топырақ тәрізді тұғырға орналастырылған. Тұғырдың бір бөлігіне жасанды өсімдік элементі қойылып, құстың табиғи мекен ету ортасын бейнелейтін композициялық көрініс жасалған.