Бесік
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қазақтың дәстүрлі тұрмысында нәрестені бөлеуге арналған ағаш бесік. Бұйым тік төртбұрышты пішінді, көлденең және тік орналасқан ағаш бөлшектерден құрастырылған. Бесік екі бүйір басынан, жоғарғы белағаштан, жақтаулардан, көлденең шабақтардан және төменгі қайқы табандардан тұрады. Бесіктің екі бүйір бөлігінде доға тәрізді иіліп келген тік тіреу ағаштар орналасқан. Оларды жоғарғы жағынан ұзынша жұмыр белағаш жалғастырып тұр. Бүйір жақтаулары көлденең ағаштармен бекітілген. Бесіктің орталық бөлігінде нәресте жататын төсек негізін құрайтын көлденең ағаш шабақтар орналасқан. Шабақтардың бірқатарының арасы ашық, кейбір ағаш бөлшектерінде табиғи тозу мен механикалық зақымдану белгілері байқалады. Бесіктің төменгі бөлігінде екі жаққа созылған ұзынша ағаш табандар орналасқан. Табандарының пішіні сәл иілген, бұл бесікті жеңіл тербетуге мүмкіндік береді. Ағаш бөлшектері бір-бірімен құрастырылып, бекітілген. Бесіктің табиғи ағаш түсі сақталған.Бесіктің негізгі қызметі - нәрестені жатқызып, бөлеу және ұйықтату.