Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Бөстек

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Бөстек - қазақтың дәстүрлі тұрмысында қолданылған сәндік әрі тұрмыстық төсеніш бұйым. Экспонат төртбұрышты пішінде жасалған. Негізгі беті қара түсті матамен қапталған, ішкі қабатына таза табиғи жүн салынған.Беткі бөлігінде күлгін, сары және жасыл түсті жіптермен орындалған ұлттық ою-өрнектер орналасқан. Өрнектер композициялық тұрғыдан симметриялы орналастырылып, орталықтан төрт бағытқа тарай бейнеленген. Жиегі қызыл түсті сәндік шашақпен көмкеріліп, шеттері түрлі түсті сәндік жиекпен безендірілген. Бөстек-отыруға арналған жұмсақ төсеніш ретінде, сондай-ақ үй ішін сәндеу және ұлттық нақыштағы интерьерді безендіру мақсатында пайдаланылады.

Мерзімделу кезеңі: 2009 ж
Материал: Жіп, Мата
Техника: Кестелеу, Тігу
Өлшемі: 40х40 см.
Scroll to Top