Қамшы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қамшы - қазақтың дәстүрлі ат әбзелі, былғары мен өрілген қайыстан жасалған, ат басқару және сәндік мақсатта қолданылған ұлттық қолөнер бұйымы. Экспонат - жазушы, драматург Тәңірберген Қалилахановқа тиесілі.Бұйымның негізгі сабы қара түсті былғарымен қапталған, пішіні жинақы әрі берік орындалған. Саптың жоғарғы бөлігі сәндік өрілген қайыстармен және жіңішке таспалармен безендірілген. Өрімі төрт таспалы қайыс өрім тәсілімен орындалған. Қамшының өрілген бөлігінің ұшы жіңішкеріп, иілгіш қайыс таспалармен жалғасқан. Сабының төменгі бөлігінде қамшыны қолға немесе білекке іліп жүруге арналған өрілген ілмек бауы орналасқан. Кейбір бөліктерінде табиғи тозу іздері сақталған, бұл бұйымның ұзақ уақыт пайдаланылғанын көрсетеді.
Мерзімделу кезеңі:
середина ХХ в
Материал:
Былғары
Техника:
Өру
Өлшемі:
70 см
Санат:
Әбзел, былғарыдан жасалған бұйымдар