Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Графин

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Ілияс Жансүгіровтің жары Фатима Ғабитова пайдаланған сусын құюға арналған графин. Экспонат - ақ түсті фарфордан жасалған сәндік құмыра-графин. Пішіні дөңгелек, жалпақтау корпустан, қысқа мойыннан, кең ернеулі құю бөлігінен және иілген тұтқадан тұрады. Төменгі бөлігінде дөңгелек тұғыры бар. Беті жылтыр ақ глазурьмен қапталған.
Графиннің алдыңғы бетінде түрлі-түсті көлемді сәндік композиция орналасқан. Композицияда қызыл түсті шие жемістері, жасыл жапырақтар мен бұтақтар бейнеленген. Мойын тұсында жұқа алтын түсті сәндік жолақ жүргізілген. Тұтқасы иілген, тегіс және ақ глазурьмен қапталған.

Мерзімделу кезеңі: 1950 ж
Материал: Фарфор
Техника: Әшекейлеу, Жылтырату, Күйдіру
Өлшемі: 1 литр
Санат: Шыны, фарфор, фаянс
Scroll to Top