Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Құйысқан.

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Ат арқасындағы ердің екі қасының арт жағына байланады, аттың құйрық түбінің астынан өткізіліп, ердің мойынға сырғып кетуіне жол бермей, орнықты тұруын қамтамасыз етеді.
Құйысқандық бөлігі-ат құйрығын қажамайтындай жұмсақ қайыстан жасалған. Екі басы сауыр үзбеге жалғанатын дөңгелек шығыршыққа бекітіледі. Бұл шығыршықтың үстінде өрнек шекілген әшекей элементі бар.Қайыстың екі жақ бетінде 10 шекіме өрнек, әртүрлі пішіндегі дөңгелек және тамшы тәріздес шекімелер үстінен қондырылып, шегеленген.
Құйысқандық бөлігінен бастап, сауыр үзбе арқылы ердің артқы қасына байланатын бауына дейінгі жалпы ұзындығы-118 см.
Бұл әбзел-аттың жайлылығы мен ердің орнықтылығын қамтамасыз ететін маңызды бөлік.

Материал: Металл
Санат: Әбзел, былғарыдан жасалған бұйымдар
Scroll to Top