Аяқкиім
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Аяқкиім - ғалым, педагогика және психология ғылымдарының профессоры, Нью-Йорк академиясының толық мүшесі, философия ғылымдарының құрметті докторы Оразбекова Күләш Айтмолдақызының Сауд Арабиясы, Мекке қаласына қажылық сапары кезінде киген жеке заты. Экспонат ақ түсті былғарыдан тігілген әйелдер аяқкиімінің жұбынан тұрады. Аяқкиімнің пішіні жабық, тұмсығы дөңгеленген, өкшесі аласа. Үстіңгі бөлігінде сәндік металл элементтері мен ілгек тәрізді әшекей орналасқан. Аяқкиімнің ішкі бөлігі ашық түсті материалмен қапталған. Табаны жеңіл әрі жалпақ пішінді, күнделікті және ұзақ уақыт киюге ыңғайлы етіп жасалған.
Мерзімделу кезеңі:
2004 ж
Материал:
Былғары, Металл
Техника:
Зауыттық өнім
Өлшемі:
38