Төсек жапқыш
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Бұл бұйым - дәстүрлі ағаш төсекке сән беру үшін арналған сәндік жапқыш. Жиегіне түрлі-түсті кесте әдісімен қазақи оюлар мен гүл бейнесі тігілген. Сары, көк, қызыл, күлгін түсті өрнектер жиегін айшықтап, орталық бөлігінде гүл мотивтері бейнеленген. Астыңғы жиегінде шашақталған жиек бар - бұл сәндік әрі ұлттық нақыш беретін элемент. Жапқыштың екі ұшында бауы бар - олар бұйымды төсекке байлап бекітуге арналған. Функционалды мақсаты - төсекті сырттай көркемдеу, әрі мата жапқыш ағаш құрылымының астыңғы бөлігін жабуға қолданылады.
Мерзімделу кезеңі:
1980 ж
Материал:
Жіп, Мата
Техника:
Кестелеу
Өлшемі:
ұзындығы- 1,5 метр, ені-15 см