Мазар басында. «Ботагөз» кинофильміне эскиз
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Көрнекті шебер Павел Яковлевич Зальцманның шығармашылығы өзіндік графикалық дәлдігімен, терең психологизмімен және образдардың күрделі аналитикалық пластикасымен ерекшеленеді. Павел Филонов мектебінің «аналитикалық өнер» дәстүрлерін бойына сіңірген суретші композицияның әрбір элементін виртуозды түрде зерттей отырып, метафоралық, философиялық мазмұнға толы туындылар жазады.
«У мазаров» портреттік-жанрлық композициясы - адам баласының ішкі толғанысы, қайғысы мен рухани жақындығы атмосферасына бойлататын терең драматикалық әрі экспрессивті туынды. Үш фигуралы композицияның алдыңғы планында дәстүрлі ақ кимешек киген егде жастағы әйел мен сұсты, мұңлы жүзді бойжеткендер, ал артқы планда сәулет элементтері мен құлпытасы бар тосын таулы пейзаж бейнеленген. Ақшыл, қоңырқай-терракоталық және сұр-көк түстердегі ұстамды палитра кенептің графикалық фактурасын, нәзік суретін және ішкі трагедиялық қуатын айқындай түседі.