Естелік жетон (сувенир)
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Ақсу ауданының «Өмір нұры» аудандық газетінің 50 жылдығына арналған естелік жетон.
Жетонның алдыңғы бетінде «1934-1984», «50 жыл», «Ақсу аудандық “Өмір нұры” газеті» деген жазулар ойылып жазылған. Артқы бетінде газет, қауырсын қалам және сиясауыт бейнеленген, сондай-ақ «“ӨМІР НҰРЫ” АУДАНДЫҚ ГАЗЕТІНЕ 50 ЖЫЛ» деген жазу орналасқан. Жетон аудандық газеттің 50 жылдығына орай естелік сувенир ретінде шығарылған.
Мерзімделу кезеңі:
1984
Материал:
Алюминий
Техника:
Құю
Өлшемі:
дм- 6,5 см.