Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Белдік

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Қазақтың ерлерге арналған дәстүрлі ұлттық киімінің құрамдас бөлігі болып табылатын былғары белдік. Белдіктің негізі қалың былғарыдан жасалған. Ұштары шегелермен бекітілген металл пластиналар мен сәндік жапсырмалармен безендірілген. Металл бөлшектер сәндік қызметпен қатар, белдіктің құрылымын нығайтып, беріктігін арттырады. Белдік ұштарында орналасқан ілгектер арқылы белге тағылып, өлшемін реттеуге мүмкіндік берген.

Мерзімделу кезеңі: 1980 ж.
Материал: Былғары, Металл
Техника: Илеу
Өлшемі: 55 см.
Санат: Әбзел, былғарыдан жасалған бұйымдар
Scroll to Top