Құрақ көрпе
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Құрақ көрпе - қазақ халқының дәстүрлі тұрмыстық сәндік-қолданбалы өнер бұйымы. Ол әртүрлі пішіндегі түрлі түсті мата қиындыларын белгілі бір композицияға біріктіріп, өзара тігу арқылы жасалады. Бұл құрақ көрпе үшбұрыш және шаршы пішінінде қиылған түрлі түсті велюр матаның қиықтарынан құрастырылған. Қиықтар белгілі бір композицияға жинақталып, бір-бірімен ұқыпты тігілген. Дайын мата бөлігі астармен біріктіріліп, сырып тігілген, бұл бұйымның беріктігі мен тұтастығын қамтамасыз етеді.
Материал:
Мата
Техника:
Тігу
Өлшемі:
200х100 см.