Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Қамшы

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Қамшы - дәстүрлі ат әбзелдерінің бірі. Жәдігердің сабы тобылғы ағашынан жасалып, ұстайтын бөлігі қолды қажамай, сабын желінуден сақтау мақсатында қара түсті былғарымен қапталған. Саптың сыртқы бөлігі қызыл түсті былғары таспалармен сәндік өрнек түрінде бекітілген. Қамшының өрімі қайыстан өріліп жасалған, сабының ұшына қайыс бау тағылған. Атқаратын қызметі: ат айдауға, басқаруға және жүрісін реттеуге арналған дәстүрлі құрал.

Мерзімделу кезеңі: 1975 ж
Материал: Былғары
Техника: Тоқу
Өлшемі: Сабы: 39 см., өрімі-34 см.
Санат: Әбзел, былғарыдан жасалған бұйымдар
Scroll to Top