Қапсырма
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қапсырма - қазақ халқының дәстүрлі зергерлік өнеріне жататын әйел әшекей бұйымдарының бірі. Ол қамзол, кәжекей, кеудеше сияқты сыртқы киімдердің екі өңірін қаусырып, бекітіп тұру үшін қолданылған. Қапсырманың беткі жағы ою-өрнек элементтерімен безендіріліп, сіркелеу әдісі арқылы өңделген. Астыңғы бөлігінде киімге тағуға арналған ілгек орналасқан. Қапсырма күмісті өңдеу, бедерлеу, оюлау және сәндеу тәсілдері арқылы жасалған.
Мерзімделу кезеңі:
XIX - XX вв.
Материал:
Күміс
Техника:
Құю, Соғу
Өлшемі:
17 х 9,5 см.