Кесе қап
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Кесе қап- қазақ халқының дәстүрлі тұрмысында пайдаланылған тұрмыстық бұйымдардың бірі. Кесеқап киізден дайындалып, қымыз, шай ішуге арналған кеселерді сақтау және тасымалдау үшін қолданылған. Ол киіз үйдің оң жақ бөлігіне ілінген. Бұйымның сыртқы беті өсімдік тектес өрнектермен безендірілген. Кесте тігу техникасында ілмекбізді (тамбур) тігіс қолданылған. Кестенің жиектері қара барқыт матамен көмкеріліп, бұйымға сәндік әрі берік өңдеу берілген.
Мерзімделу кезеңі:
XIX в.
Материал:
Киіз
Техника:
Кестелеу
Өлшемі:
28 см. × 19 см.