Айбалта
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қарудың жалманы жарты ай тәрізді, жүзі трапеция түрінде, шүйдесі төртбұрышты келген. Жалманы мен шүйдесінің екі жақ беті өрнектелген.Жалманында екі жанында садақ тартқан қазақ батырының бейнесі қашалып ойылған. Батыр аяқ жағында екі барс отырған асау аттың үстінде отыр. Шүйдесінің негізгі бөлігінде екі жағынан төртбұрышты жақтау ішінде екі аққу құсының бейнесі бейнеленген. Балтаның желкесіндегі бейнелер анық емес.Айбалтаның шүйдесінің екі жаны ойықты келген. Сабы қысқа, ағаштан жасалған, бір шеті дөңгеленген. Сабында қарудың негізгі бөлігінен 13,5 см кейін 960 сафты күміс пластинамен қапталған. Пластина бетінде өсімдік реңді жапырақ тәрізді бейнелер нақышталған.
Материал:
Ағаш, Металл
Техника:
Қолдан жасалған жұмыс
Өлшемі:
длина 45 см
Санат:
Қару-жарақ