Алаша
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Тұсалаша. Қызыл, сары, жасыл, сұр түсті иірілген жүн жіптерден сегіз қатар жолақтардан құрастырылып, тігілген алаша. Жолақтар бойында жасыл, қызыл түсті көп сатыланған шаршы, ботакөз, өрмекші, керегекөз өрнектері салынып, аралықтарына ирексу өрнегімен бөлінген. Екі жаны жасыл түсті барқытпен көмкерілген. Бір шетіне қабырғаға ілуге арналған бес ілгек бау тағылған. Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Еңбек ауылы.
Мерзімделу кезеңі:
ХХ ғ. ортасы.
Материал:
Барқыт, Жүн
Техника:
Тігу, Тоқу
Өлшемі:
173х250 см.
Санат:
Кілем-киіз бұйымдары