Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

кітап Құлбек Ергөбеков «Сәбит Мұқанов»

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Құлбек Ергөбековтың «Сәбит Мұқанов» . - Алматы: Мектеп, 1989. - 144 бет. Өз басым өзге қазақтар секілді, бала жастан Сәбит Мұқановты жақсы көріп өстім. Шығармаларын сүйіп оқыдым. Алматыдағы музейін майталман мәдениет қайраткері Өзбекәлі Жәнібек басшылығымен қолмен құрыстым. Әлемнің алуан елі архивін ақтарып «Сәбиттанумен» айналыстым. Архивтерде ұнамды материалмен бірге ұнамсыз материал да алдымнан шықты. Өмір. Жақсы көрумен бірге жек көру сезімі де жүректен орын алды. Мадақ дерлік мақала, жазушылық құпиясына еніп, талдап кітап жаздым. Қазақты қайтсек дербес ел етеміз деп емініп еңбектенген, сол жолда басын бәйгеге тіккен, жанын қиған Алашорда өкілдерін әжуалаған сәттерін аяусыз сынадым. Сәбит Мұқановты мадақтағаным үшін мақталып, сынағаным үшін сыналып жаттым. Небір қайраткер деп алға тұтып, табынып келген адамдарымыз Алашорданың үстінен И.В.Сталинге хат жазып, донос жасап, қазақтың қаймағын қалай сыпырып тастау жөнінде жол көрсетіпті. Сталин архивінен исі мүңкіген сол «қағаздарды» оқығалы Сәбеңді қайта жантартып жақсы көруге айналдым. Ойлап отырсам, Сәбең де Алашордамен күрескен. Коммунистік көзқарас әрекеті. Бірақ, Бас қанышерге хат жазып, донос жіберіп, халқын сатқан, сатылған жері жоқ екен. Және бар мәселенің басы ашық. Совет өкіметін қапысыз сүйген, коммунистік партияға қылаусыз сенген адамның әрекеті. Сәбит Мұқанов - қазақ әдебиетінің тұтас бір дәуірі. Ол - қазақ әдебиетінің қаламгері ғана емес, қазақ әдебиетінің ұйымдастырушы жалаугері.

Материал: Қағаз
Техника: Басу
Өлшемі: 15*20
Санат: Кітап
Scroll to Top