2026 жылғы 26 маусым күні Қытай Халық Республикасының Шанхай тарихи музейінде Алматы қаласы музейлер бірлестігінің «Бабалар мұрасы - дәстүр сабақтастығында» атты халықаралық көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Алматы қаласы әкімдігі, Қазақстан Республикасының Шанхайдағы Бас консулдығы және Шанхай қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асқан ауқымды жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамытудағы маңызды оқиғаға айналды.
Көрме Қытайдағы ірі музей орталықтарының бірі саналатын Шанхай тарихи музейінде ашылды. Халықаралық көрме 2026 жылғы 30 тамызға дейін жалғасады.