Музей қызметкерлері жоспарға сай, Шардара аудандық тарихи-өлкетану музейіне «Бүгінге жеткен жәдігерлер» атты көшпелі көрме қойды.
Көрмеде музей қорындағы үш экспозиция жұртшылық назарына ұсынылды. «Киелі Қазығұрт» көрмесі арқылы Қазығұрт өңірінің тарихы мен киелі орындары таныстырылса, Ұлы Отан соғысына қатысқан Кеңес Одағының Батырлары туралы және соғыс жылдарында қолданылған қару-жарақтардан жасақталған көрме келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды. Сондай-ақ, Қазығұрт аудандық музейінің қалыптасуына еңбек сіңірген әнші, сазгер, Қазығұрт ауданының Құрметті азаматы Р. Темірбаевқа және Темірбаевтар әулеттік ансамбліне арналған арнайы көрме де көпшілік назарына ұсынылды.