Кітап «Мастахаб»
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
«Мастахаб» кітабы
«Мастахаб» - ислам құқықтануы (фиқһ) саласына арналған діни еңбек. Кітапта мұсылманның күнделікті өмірінде орындауға ұсынылатын (мұстахаб) амалдар, діни әдеп нормалары және шариғат қағидалары баяндалған. Басылым исламдық діни әдебиеттің дамуын, діни білім беру дәстүрін және мұсылман қауымының рухани-мәдени мұрасын танытатын құнды жәдігер болып табылады.
Музей қорындағы бұл кітап Император университетінің типо-липтография баспаханасында басылып шыққан. Мұқабасы қатты картоннан жасалған. Сақталу жағдайы - орташа. Басылым өзінің тарихи, ғылыми және мәдени құндылығымен ерекшеленеді және ислам кітап басу ісінің тарихын, сол кезеңдегі полиграфиялық ерекшеліктерді көрсететін сирек кітаптар қатарына жатады.
Мерзімделу кезеңі:
22 мая 1996
Материал:
Картон
Өлшемі:
21 × 30 см
Санат:
Кітап