Қасық
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Ақ түсті металдан жасалған, зауыттық өнім.Тұрмыстық бұйым Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың отбасы пайдаланған. Қасықтың сабы сынғаннан қалған бөлігі - 6 см, басының ұзындығы - 4 см. Жалпы ұзындығы - 10 см. Қасықтың басының астыңғы бетіне гүлге ұқсас өрнек түсірілген. Сабының астыңғы жағында «Е Я» деген әріп белгісі мен қатар кішірек етіп «1858» деген жыл, сондай-ақ үлкенірек «84» саны жазылған. Қасықтың мойын бөлігінің екі қабырғасында бірдей құйылып жасалған кертік бар.
Санат:
Металл
Материал:
Металл
Тақырып:
Тұрмыстық бұйымдар
Сақталу жағдайы
Ұстайтын жері сынған