Жамбыл Жабаевты еске алуға арналған
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Бабад Эмилия Наумовна. 1912-1990
Дәстүрлі қазақ тұрмысына тән бұйымдар бейнеленген композиция. Текемет аясында, қабырғаның оң қапталында көкшіл-күлгін реңктермен берілген ер адамның шапаны ілулі тұр. Композицияның дәл ортасына домбыра сүйеп қойылған, оның жанында қызыл қызғалдақтар көз тартады. Сол жақ тұста еденге ер-тоқым қойылып, қасына оюлы басқұр тасталған. Шығармадағы түстік шешім жылы жоса реңктері мен киімдегі салқын түстердің үйлесіміне негізделген. Осы бояу үндестігі туындының ұлттық нақышын айқындап, шығыс интерьеріне тән жайлы да әсерлі көңіл күй қалыптастырады.
Мерзімі: 1971 ж.
Өлшемі: 120×90 см
5192-ж
Санат:
Бейнелеу өнері
Материал:
Кенеп
Техника:
Майлы бояу
Сақталу жағдайы
Аздап сыдырылған.