Қамшы
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қамшы. Қайыстан жұмырланып өрілген, сабы тобылғыдан жасалған бұйым. Қамшы сабының қолға ұстайтын тұсы қамшытұтам, былғарымен қапталып, етегі шашақталған. Шашақтың түбіне қайыстан тілініп жасалған білдіргі бау тағылған. Қамшы өрімі тобылғы сапқа қайыс таспамен айналдыра буылып бекітілген. Алақанының түбі тобылғы сапқа шегемен мықтап қондырылған. Қамшының жалпы ұзындығы-104 см: сабы-51 см, алақаны-9 см, өрімі-44 см. Қолға ұстауға өте ыңғайлы етіп жасалған.
Мерзімделу кезеңі:
ХХ в.
Материал:
Ағаш, Былғары, Металл
Техника:
Өру
Өлшемі:
Общая длина кнута составляет 104 см: рукоять-51 см, основание плети-9 см, плетёная часть-44 см.
Санат:
Әбзел, былғарыдан жасалған бұйымдар