Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Құрмет грамотасы

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Бертлеуов Бабайға КСРО-ның 50 жылдық мерейтойына арналған социалистік жарыста жеткен еңбек жетістіктеріне берілген (бурильщик). СУНРЭ бастығы Б.Джуламанов, парт.бюро секретары А.Нұрғазиев, барлау комитетінің бастығы М.Молдағалиевтердің қолы қойлып, дөңгелек мөр басылған. Грамота тығыз қағаздан, баспаханалық әдіспен жасалған. Грамотада жоғарғы жағында В.И. Лениннің бейнесі, мұнайлы поселок бейнеленген, қызыл әріппен «Почетная грамота» деп жазылған. Сол жағында «Мы придем к победе Коммунистического труда» деген В.И.Лениннің сөзі берілген. Төменде сол жақта қызыл ту, орақ пен балға бейнеленген.
Мерзімі: 1972 ж.
Материал: қағаз
Техника: полиграфия
Өлшемі: ені:21 см, ұзындығы: 29 см.

Санат: Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)
Материал: Қағаз
Техника: Басу
Тақырып: Мадақтама

Сақталу жағдайы

ескі, мыжылған

Scroll to Top