Жазу машинкасы 1990
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Портативті механикалық жазу машинкасы сұр-көкшіл түсті металл корпустан тұрады және тасымалдауға арналған қара түсті қорғаныш чемодан-қораппен жинақталған. Алдыңғы бөлігінде кирилл әліпбиінің әріптері мен цифрлары ақ түспен белгіленген қара түсті тікбұрышты пернелерден құралған көп қатарлы пернетақта орналасқан. Жоғарғы бөлігінде қағаз орнатылатын білігі бар каретка, таспалы механизм және литерлі рычагтар жүйесі орналасқан. Машинка тұрмыста Сағынбай Бектілеуов тарапынан пайдаланылған. Экспонат цифрлық технологияға дейінгі кезеңдегі кеңселік және тұрмыстық жазу техникасын сипаттайды.
Мерзімі: 1990 жыл
Материалы: Металл, пластмасса
Техникасы: Зауыттық өндіріс, қалыптау, фабрикалық құрастыру
Өлшемі: 30,5 × 30,5 см; биіктігі - 6 см