«КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл» медалі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Сипаттамасы: Кеңес Одағының Қарулы Күштерінің құрылғанына 70 жыл толуына орай тағайындалған естелік мемлекеттік награда. Медаль бейбіт кезеңде де, әскери қызметте де Отанды қорғауға, әскери борышын адал атқаруға және Қарулы Күштердің нығаюына үлес қосқан әскери қызметшілер мен ардагерлерге берілген.
Медаль иесінің әскери қызмет жолындағы еңбегін, ерлігін және Отанға деген адалдығын айғақтайды.
Материалы: Темір
Өлшемі:Ұзындығы:8,5см
Диаметрі:3,2мм
Медаль Ұлы Отан Соғысының ардагері Шалабаев Әбдрахманға берілді.
Завод өнімі
Санат:
Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)
Материал:
Металл
Тақырып:
Суреттер мен кескіндеме
Сақталу жағдайы
Жарамды