Саз үскірік
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Саз үскірік - қазақтың көне үрмелі музыкалық аспаптарының бірі. Пішіні әртүрлі болуы мүмкін: көбіне жұмыр, жұмыртқа тәрізді не кішкентай жануар, құс бейнесінде жасалады. Үскіріктің үстіне дыбыс шығару үшін бірнеше ойықтар (тесіктер) тесіліп, күйдіріліп қатайтылады.
Дыбыс шығару ерекшелігі:
Саз үскіріктің үні жұмсақ, нәзік, құс үнін еске түсіреді. Ол үрлеу арқылы дыбыс шығарады және ойықтарын саусақпен басу арқылы түрлі әуендер орындауға болады.
Пайдаланылуы:
Бұл аспап ежелден балаларға арналған ойыншық әрі музыкалық аспап ретінде қолданылған. Сонымен қатар, бақташылар мен халық музыканттары оны көңіл көтеру, табиғат дыбыстарын бейнелеу мақсатында пайдаланған.
Мерзімі: Көне дәуір - XIX ғасыр
Материалы: Саз (балшық), бояу.
Техника: Қолмен иленіп, қалыпқа келтіріліп, отқа күйдіріліп жасалады.
Өлшемі: 15,5см - 9см.
Сақталу жағдайы
Жарамды