Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Дипломдық жұмыс

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Университеттің география факультетінде оқи жүріп, Серікбол Қондыбай оқу бағдарламасына сәйкес Кеңес Одағының көптеген елдеріне барып, олармен танысу мүмкіндігіне ие болған. Өзге өңірлерді аралаған сайын ол туған өлкесі - әр тасы аңызға айналған Маңғыстаудың туризмін дамытуды армандады. Сондықтан дипломдық жұмысын да осы тақырыпқа арнады.
Ғылымға бейімділігін байқаған ұстаздары оны университетте қалуға үгіттегенімен, Серікбол Қондыбай - әулетінің кенжесі әрі туған жерін көркейтуге ынтық болғандықтан, Маңғыстауға оралуды жөн көреді.
Дипломдық жұмыстың мұқабасында оқу орнының атауы, басшылық деректері, факультет пен кафедра мәліметтері және жұмыстың тақырыбы - «Рекреационные ресурсы Мангистауской области», сондай-ақ қорғау күні көрсетілген. Дипломдық жұмыс толықтай орыс тілінде, қолмен жазылған 99 бетті қамтиды.
Мерзімі: 1991 ж.
Жасалу техникасы: Қолжазба
Материал: Қағаз
Өлшемі: 30×21 см

Санат: Жазба-дерек және ақпарат (құжат, фото-негативтер)
Материал: Қағаз
Техника: Қолжазба
Тақырып: Суреттер мен кескіндеме
Scroll to Top