Радиотелефон Panasonic
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Бұл - қара түсті пластмассадан жасалған Panasonic маркалы радиотелефон. Телефон негізгі блоктан және сөйлесетін тұтқадан тұрады. Құрылғыда антенасы, телефон сымы, сандық кнопкалары және қызметін көрсететін шағын жазулары бар. Сыртқы тұрпаты ықшам, күнделікті тұрмыстық қолданысқа ыңғайлы етіп жасалған. Радиотелефон - бұрынғы жылдары адамдардың тұрмысына кеңінен енген байланыс құралы. Ол үйде отырып та, жұмыс орнында да алыс-жақындағы адамдармен еркін сөйлесуге мүмкіндік берген. Мұндай телефондар ұялы байланыс дамығанға дейін ең қолжетімді және сенімді байланыс құралы саналған. Аталған телефон белгілі зерттеуші, мифолог-ғалым Серікбол Қондыбайдың жеке қолданымында болған.
Мерзімі: XX ғасырдың соңы
Техника: Құю, штамптау, құрастыру
Материал: Пластик
Өлшемі: 21×10 см
Сақталу жағдайы
Көлемді зақымдары жоқ