Сурет «Екі дүние. Өмір мен өлім»
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қара фонда орналасқан шеңбердің ішіне аспан мен жердің, жарық пен қараңғылықтың, өмір мен өлімнің, рухани және материалдық дүниенің арақатынасы сыйғызылған. Шеңбердің жоғарғы бөлігі көгілдір, сары, қызыл түстермен боялып, көк аспан мен жарықтың нышанын аңғартса, төменгі бөлігі қоңыр, жасыл реңдер арқылы жер мен табиғатты бейнелеген. Ішкі пішіндер бір-біріне қарсы тұрған тамшы бейнелеріне ұқсайды, бірі жоғары бағытталса, бірі төменге қарай созылып, шексіз қозғалысты, үздіксіз айналымды меңзейді. Осылайша, адам көзіне көзге көрінбейтін үйлесімді жеткізу мүмкін емес болса да, суретші оны символдар арқылы бейнелеп, қарапайым шеңберге ғаламдық мән жүктеген. Автор: Ж. Абыланова
Техника: Майлы кескіндеме
Материал: Бояу, кенеп
Сақталу жағдайы
Жақсы сақталған