Текемет
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Текемет - қой жүнінен басылып жасалған, бетіне түрлі түсті жүннен дәстүрлі ою-өрнек түсірілген қазақтың дәстүрлі киіз төсеніш түрі. Экспонат 1938 жылы Жылыой ауданының тұрғыны Жалғасбаева Беден тарапынан дайындалып, қызы Ақназарова Алуаға сыйға берілген. Кейін бұйымды оның ұлы Ақназаров Нұрдәулет музей қорына тапсырған. Текемет қазақ халқының дәстүрлі тұрмысында жылуды сақтау, үй ішін көркемдеу және кеңістікті ұйымдастыру мақсатында қолданылған. Бұйым дәстүрлі жүн өңдеу мен киіз басу технологиясын көрсетеді.
Мерзімі: 1938 жыл
Материалы: Қой жүні
Техникасы: Қол жұмысы, киіз басу, түрлі түсті өрнек салу
Өлшемі: 2 × 3,5 м
Мерзімделу кезеңі:
1938
Материал:
Жүн
Техника:
Киіз басу
Өлшемі:
2 × 3,5 м
Санат:
Этнография